Бүгін Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Алайда тұрғындардың барлығына бірдей алдын ала ескерту хабарламасы жолданбаған. Осы жайтқа байланысты төтенше жағдайлар министрлігі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Министрлік мәліметінше, жедел хабарлау жүйесі тек жер сілкінісінің күші 5 баллдан асқан жағдайда ғана іске қосылады.
«Жер сілкінісінің күші 2 балл болғандықтан Mass Alert жүйесі қосылған жоқ. Бұл жүйе 5 балл және одан жоғары көрсеткіш кезінде ғана жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер жоқ. Азаматтарды сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – делінген ведомство хабарламасында.
Сейсмикалық дүмпу бүгін сағат 15:08-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Есік қаласы маңында орналасқан. Ұлттық деректер орталығы оның магнитудасын 5 балл деп бағалады.