АҚШ-та хоккей матчы кезінде атыс шығарған адамның кім екені анықталды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

АҚШ-тағы Род-Айленд штатының Потакет қаласында орта мектеп командаларының хоккей матчы кезінде оқ атып, екі адамды өлтіріп, тағы үшеуін ауыр жаралаған күдіктінің жеке басы анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полиция мәліметінше, шабуыл жасаған адамның аты-жөні — Роберт Дорган.

Оқиға дүйсенбі күні, 16 ақпанда (жергілікті уақыт бойынша) мектеп командалары арасындағы матч өтуі тиіс болған жабық мұз айдынында күндіз болған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қала полициясының басшысы Тина Гонсалвестің айтуынша, 56 жастағы ер адам отбасылы болған.

Ресми мәліметтер бойынша, 56 жастағы Роберт Дорган (трансгендер адам) бұрынғы әйеліне және өз ұлына оқ атқан. Екеуі де оқиға орнында жан тапсырған. Тағы үш адам - экс-әйелінің туыстары ауыр жарақат алды.

Кейін Потакеттегі мұз айдынында болған оқиғадан соң өзіне қол жұмсаған. Сондай-ақ оның Роберт Эспозито деген жалған есімді пайдаланғаны белгілі болды.