Жамбыл облысында сарбаз соққыға жығылғаннан кейін бірнеше адам жұмыстан кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет сарбазына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
КАДРЛЫҚ ШЕШІМДЕР
Бұдан басқа лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру жүргізілді.
Нақты айтқанда кадрлық шешім қабылданып, басшылық құрамындағы төрт лауазымды тұлға – әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметтерінен босатылды.
Әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметтік әрекетке сәйкес емес деп ескерту жарияланды. Бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік жазалар қолданылды.
ОҚИҒА
Еске салайық, әңгіме Отардағы әскери бөлімде болған жағдай жайлы болып отыр. 16 ақпанда Отардағы әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаз соққыға жығылды. Қазіргі таңда сарбаз Алматы қаласындағы әскери госпитальда ем қабылдап жатыр.