Тоқаевтың сөздеріне күмән келтірген Шолпанқұлов қызметінен кетті

Сырым Қаржас
Фото: үкімет

Берік Шолпанқұлов Ұлттық банктегі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін BES.media-ға берген сұқбатында Берік Шолпанқұлов президент айтқан 7 трлн теңге заңсыз шығарылған ақша емес, бұл жай ғана банктегі жалпы ақша айналымы болуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Артынша Шолпанқұловтың бұл мәлімдемесіне президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жауап берді.