ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Сырым Қаржас
gov.kz

Дархан Молдаханов ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Полиция полковнигі ішкі істер органдары жүйесінде мол тәжірибеге және басқарушылық қабілетке ие. Бұған дейін ол аталған департаментті басқарған, кейін комитет болып қайта құрылды.

ІІМ басшысы Ержан Сәденов Дархан Молдахановтың кәсіби біліктілігі мен басқарушылық қасиеттерін атап өтіп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

ДАРХАН МОЛДАХАНОВ

Дархан Молдаханов 1973 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, кейін Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын және Қайнар академиясын (Алматы қаласы) тәмамдаған.

1991 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет атқарады.

2015 жылдан бастап ҚР ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирі қызметін атқарған.

2019 жылдан бері "ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" ММ бастығы болды.

2020 жылғы желтоқсан айынан бастап ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаментінің бастығы қызметін атқарған.