Жамбыл облысында екпіні күшті жел шатырларды ұшырып әкетіп, ауылдар жарықсыз отыр. Зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
2026 жылдың 21 ақпанына қараған түні Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданында екпіні секуында 30 метрге дейінгі жел тіркелді. Жеті елді мекенде 25 нысанның, оның ішінде 8 әлеуметтік мекеменің шатырларына зақым келді.
13 елді мекенде уақытша электр жарығы, 3 елді мекенде газ өшті. Апаттық бригадалардың 9 тобы жұмылдырылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Зардап шеккендер жоқ. Қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді, – деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров оқиға орнына барды.