2026 жылғы 21 ақпанда сағат 14:40-та Шымбұлақ курортындағы нысандарда электр жарығы кенеттен өшіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Курорт қызметкерлері барлық аспалы жолды резервтік қуатқа ауыстырып, қонақтарды станцияларға жеткізген.
Қазіргі уақытта негізгі – "Медеу – Шымбұлақ" аспалы жолы штаттық режимде қайта жұмыс істеп тұр. Ал "Комби-1" және "Комби-2" аспалы жолдары уақытша резервтік қуатқа қосылды.
– Ауа райының қолайсыздығына байланысты күні бойы "Медеу – Шымбұлақ" жолына ағаш құлап, қозғалыс уақытша тоқтады. Қазір автокөлік жолы толық ашылды. Желдің екпіні бірнеше аспалы жол кабинасына зақым келтірді, техникалық қызмет мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады курорттың баспасөз қызметі.
Қонақтар "Медеу – Шымбұлақ" аспалы жолы арқылы түсіріліп жатыр. Жараланғандар немесе қаза тапқандар жоқ.