Қазақстанның солтүстігінде күн суытады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 23-24 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана

23 ақпан: көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауып, бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -15…-17°С.

24 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -30…-32°С, күндіз -23…-25°С.

Алматы

23 ақпан: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +8…+10°С.

24 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар, күндіз кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз +2…+4°С.

Шымкент

23 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +10…+12°С.

24 ақпан: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +9…+11°С.