Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне байланысты блок-бекеттер қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Алматы маңындағы таулы аймақтарда қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және уақытша тауға барудан бас тартуды ұсынады.
Сондай-ақ ведомство халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні қаупі бар учаскелерде блок-бекеттер қойылғанын хабарлады.
– Таулы жерге баруды жоспарлаған кезде ауа райын және уәкілетті органдардың ресми ескертулерін ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 23-24 ақпан күндеріне арналған ауа райына болжам ұсынған еді.