Қазақстан полициясына қымбат элиталық көліктер не үшін қажет?

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Автосарапшы Алексей Алексеев қазақстандық полицейлерді қарапайым болуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанның әр өңірінде полицияның «қалауына» қатысты жанжалдар ара-тұра туындап тұрады. Қымбат автокөліктерді сатып алу – шенділер тарапынан сынға жиі ұшырайтын мәселе. Автосарапшы Алексей Алексеевтің айтуынша, тәртіп сақшыларының сән-салтанатқа әуестігі — ішкі комплекстердің көрінісі. Оның сөзінше, полицейлер халықтың есебінен «люкс» көліктермен жүргісі келеді.

— Жол полициясына қымбат көліктер не үшін керек? Бізде патрульдік автокөліктер паркі бар, сондай-ақ, мысалы, президентті алып жүретін арнайы көліктері бар. Ондай жағдайда мәртебелі, салтанатты көрінетін бірнеше автокөліктің болуы түсінікті. Неге болмасқа? Бірақ ондай көліктердің саны шектеулі болуы керек — бар болғаны бірнешеу ғана. Президент мінетін көліктердің өзі де көп емес, шамамен 2–3 көлік қана. Ал қазіргі жағдай балалыққа ұқсайды. Бұл — әрі балалық, әрі комплекс. Яғни адамдар біздің, салық төлеушілердің есебінен қымбат көлік мініп көргісі келеді. Сәл қарапайым болуға да болады ғой, — деді автосарапшы Алексей Алексеев Airan арнасының эфирінде.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Астана полициясы 176 млн теңгеге жол талғамайтын көліктер сатып алғаны хабарланған еді.