Израиль Иранға соққы жасады

Сырым Қаржас
Евразия

Ел аумағына зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы шабуылдар жасалуы мүмкін, осы себепті төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Израиль тарапы Иранға алдын ала соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац айтты.

— Израиль өзіне төнген қауіптердің алдын алу мақсатында Иранға алдын ала соққы жасады, — деп келтірді министрдің сөзін BBC.

Израиль Иран тарапы жауап ретінде соққы жасауы мүмкін екенін ескеріп, бүкіл ел аумағында төтенше жағдай жариялады. Тұрғындарға бомбапаналарға жақын жерде болуды ескертті.

Тегеран қаласының орталығында жарылыстар естілгені туралы Иранның IRNA агенттігі хабарлады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Дональд Трамп Иранға қатысты АҚШ қандай да бір маңызды, ауыр салдары болуы мүмкін шешім қабылдауы ықтимал екенін ескерткен. 

Кейінгі апталарда Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде келіссөздер жүріп жатқан. Алайда сол келіссөздер нәтижесіз болуы немесе тараптар ортақ мәмілеге келе алмауы мүмкін деген қауіп болған. Осыған байланысты АҚШ тарапынан соққы жасалуы ықтимал деген болжамдар айтылып, аймақтағы (Таяу Шығыстағы) шиеленіс күшейе түскен.

Кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы америкалықтарды Ираннан кетуге үндеді.