Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
– Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылым тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленіске байланысты Қазақстан азаматтарына ахуал тұрақталғанға дейін бұл елге барудан уақытша бас тартуды ұсынған еді.