Иран қалаларындағы негізгі алаңдарға мыңдаған адам жиналып, "Америкаға өлім!" деп айқайлап, кек алуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Иранда Әли Хаменеи қайтыс болғаннан кейін уақытша өкілетті атқаратын жоғарғы жетекшілік кеңесі құрылды. Бұл туралы ел парламентінің төрағасы хабарлады. Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысының мәліметінше, жоғарғы жетекшіні сайлайтын Сарапшылар кеңесі бүгін, 1 наурызда жиналады.
Сонымен қатар Иран қалаларындағы негізгі алаңдарға мыңдаған адамдар жиналып, кек алу талабын көтеріп, "Америкаға өлім!" деп ұрандады. Ел бойынша еске алу шаралары өтіп жатыр, мешіттерде қара ту көтерілген. Халық жоғарғы жетекшінің өлімі туралы хабар тараған соң бірден көшеге шықты.
Басқа діни орталықтарда "Израильге өлім!" деген ұрандар да айтылып жатыр.
Сонымен қатар Дубай әуежайы маңында жаңа жарылыстар болды, ал Таяу Шығыстың телеарналары Дохадағы жарылыстар туралы хабарлады. Бұған дейін Иран Израильге және БАӘ-ге жаңа ракеталық соққы жасағаны белгілі болды.