Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалдың ушықтыратын іс-қимылдардан бас тартуға үндеді

Сырым Қаржас
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді.

Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.