Ол жаңа Жоғарғы көшбасшы сайланғанға дейін елді уақытша басқарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Иранның Жоғарғы көшбасшысының міндетін уақытша атқарушы болып аятолла Әлиреза Арафи бекітілді. Ол арнайы кеңес құрамына енген. Бұл туралы жергілікті ISNA агенттігі хабарлады.
Аятолла Әлиреза Арафи 1959 жылы Мейбод қаласында дүниеге келген. Ол – діни және саяси қайраткер, 2022 жылдан бері Иранның Сарапшылар кеңесінің мүшесі.
Айта кетейік, Иран Конституциясына сәйкес, Жоғарғы көшбасшы қайтыс болған жағдайда елді уақытша үш адамнан тұратын кеңес басқарады. Оның құрамына Иран президенті Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы және Конституция сақшылары кеңесінің бір мүшесі (аятолла Алиреза Арафи) кіреді.
КОНТЕКСТ
28 ақпанда Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қаза тапқаны белгілі болды. Ол Тегеранға жасалған АҚШ пен Израильдің бірлескен әуе соққысы салдарынан мерт болды.
Бұған дейін Әли Хаменеи кеңесшісі, Иранның Қорғаныс жөніндегі кеңесінің хатшысы Әли Шамхани, сондай-ақ Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпурдың да қаза тапқаны белгілі болған еді.