Қарағандыда жол көлік апатына патрульдік полициясы кінәлі деп танылды. Бұл туралы Uysmedia.kz Instagram желісіндегі «astana_sergek» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бастапқыда полицейлер арнайы көлікке жол бермеген ВАЗ жүргізушісін кінәлі деп хаттама толтырған. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарастыратын мамандандырылған ауданаралық сотында патрульдік полиция көлігінің жүргізушісін кінәлі деп танылды.
Бағдаршамның қызыл жарығы жанғаннан кейін полицей өзіне жол берілгеніне көз жеткізуі керек еді. Заң бұзған полицейге 70 мың теңге айыппұл салынды.
Оқиға 12 желтоқсан күні Әбдіров пен Ерубаев көшелерінің қиылысында болған.