Иран дроны АҚШ-тың Дубайдағы консулдығына соққы жасады

Сырым Қаржас
Видео кадры

АҚШ-тың Дубайдағы консулдығына ирандық дрон шабуыл жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дрон соққысынан кейін дипломатиялық миссия аумағында өрт шыққан. Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Reuters агенттігінің куәгерлері америкалық консулдық орналасқан ауданда түтін шыққанын көргендерін айтқан. Әлеуметтік желілерде де дипөкілдік аумағына жасалған соққы сәті түсірілгені айтылатын видео тарады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио дрон консулдықтың автотұрағына түскенін мәлімдеді. Оның сөзінше, шабуыл салдарынан ешкім зардап шекпеген.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін дрон шабуылы АҚШ-тың Эр-Риядтағы елшілігіне де жасалған болатын. Сауд Арабиясы қорғаныс министрлігінің мәліметінше, дипломатиялық миссия ғимаратына аздаған зақым келген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Иран зымыраны "Дубайдағы Қазақстан" аталып кеткен резиденцияға түскені хабарланған болатын.