Иранда Әли Хаменеидің ұлы жаңа аятолла болып сайланды

Ulysmedia
Фото: Saeid Zareian/dpa/Global Look Press

Иранды 37 жыл билеген аятолла Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи жаңа рухани көсем болып сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Моджтаба Хаменеиді жаңа аятолла етіп сайлау туралы шешімді Иранның 88 дінбасыдан құралған жоғары кеңесі қабылдаған. Бұл жөнінде Ирандағы дереккөзіне сілтеме жасап DW басылымы жазды.

Тегеран да, Иран мемлекеттік ақпарат құралдары да әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ. Бірақ терістемеді де.

DW мәліметінше, жоғары кеңес бұндай шешімді Ислам революциясы сақшылар корпусының қысымымен жасаған.

Контекст

Иранды 37 жыл басқарған аятолла Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің әуе шабуылы кезінде қаза болған. Тегеран қарымта ретінде Таяу Шығыстағы АҚШ базалары мен Израильді зымыран және дронмен шабуылдап жатыр.