АҚШ Сенатында Иранға қатысты әскери операция мәселесі талқыланған тыңдау кезінде бұрынғы теңіз жаяу әскері Брайан Макгиннис наразылық білдіріп, залдан күшпен шығарылды деп хабарлайды Ulysmedia.kz Washington Examiner-ке сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқиға Сенаттың қарулы күштер жөніндегі кіші комитетінің отырысы барысында болған. Жиында АҚШ-тың Ирандағы әрекеттері талқыланып жатқан.
Журналист CBS телеарнасының тілшісі Алан Хе бұл жағдай туралы X әлеуметтік желісінде жазды. Солтүстік Каролина штатынан Сенатқа Жасылдар партиясының кандидаты ретінде түсіп жатқан Макгиннис талқылауды бөліп жіберіп, әскери операцияны қатты сынға алған. Ол дауыстап сөйлеп, «ешкім Израиль үшін соғысқысы келмейді» деп айқайлаған.
Бірнеше рет айқайлағаннан кейін полиция қызметкерлері оны залдан алып шыққан. Макгиннис қарсылық көрсеткен, ал наразылық кезінде оның қолын сындырған.
Республикалық сенатор Тим Шихи жағдайды тыныштандыруға тырысқанын айтты. Оның сөзінше, наразылық білдіруші қарсылық көрсеткендіктен, оны күшпен шығаруға тура келген.
Тыңдау АҚШ билігінің Иранға қарсы әскери әрекеттер жасау өкілеттіктеріне арналды.