Трамп Ираннан кейін Кубаның шаруасына кіріспек

Ulysmedia
Фото: The White House

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мәселесін шешкен соң, Кубаның шаруасына кіріспекші, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Clash Report басылымының жазуынша, Дональд Трамп Иран «мәселесін реттеген соң» Кубамен айналыспақ. Ол Куба мәселесі Вашингтон үшін «уақыт еншісіндегі іс» деп атаған.

Дональд Трамптың сөзінше, Куба АҚШ-пен бір мәмлеге келуге ниетті.

«Куба да құлайды. Біз мұнай, ақша тасымалын тоқтаттық. Елдің жалғыз ресурсы болған Венесуэладан баратын барлық тасымалға кедергі болдық», – деген Трамп бұған дейін.

Контекст

АҚШ Израильмен бірге 28 ақпаннан бері Иранға соққы жасап жатыр. Әуе шабуылынан аятолла Әли Хаменеи қаза болған. Осыдан соң қақтығыс одан сайын ушыққан. Иран қарымта ретінде Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери базалары мен Израильді зымыран және дронмен атқылап жатар.