Қақтығыс басталғалы Таяу Шығыстан үш мыңнан аса қазақстандық эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының жалпы саны 12 әуе рейсі арқылы 3300-ден астам қазақстандық елге оралды.
Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылуда. Ирандағы дипломаттар 6 наурызда «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін 7 қазақстандық азаматты иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлауда.
Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған «Заркух» компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырып, олар автобуспен иран-армян шекарасын өтті. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.