Әли Хаменеидің ұлы Иранның жаңа жоғары көшбасшысы болып сайланды

Ulysmedia
Фото: Saeid Zareian/dpa/Global Look Press

Иранның жаңа рухани көсемі болып аятолла Әли Хаменеидің ұлы Мұжтаба Хаменеи сайланды, деп хабарлайды Ulusmedia.

Мән-жай

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысын Сарапшылар кеңесіне кіретін 88 дін қызметкері таңдаған.Мұжтаба Хаменеидің жаңа рухани көсем болып сайланғаны туралы бұған дейін айтылған. Бірақ ресми расталмаған.

Контекст

56 жастағы Мұжтаба Хаменей Иранды үздіксіз 37 жыл билеген аятолла Әли Хаменеидің ұлы.

Әли Хаменей 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің әуе шабуылы кезінде қаза болған.