СІМ: Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды

Ulysmedia
Фото: СІМ

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылған.

«Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылуда», – делінген СІМ таратқан мәлімдемеде.

Контекст

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Әуе шабуылы кезінде Иранның рухани көсемі, аятола Әли Хаменеи қаза тапқан. Ресми Тегеран қарымта жауап ретінде Таяу Шығыста орналасқан АҚШ-тың әскери базалары мен Израильді зымыранмен атқылап, дрондармен шабуылдаған. Сол уақыттан бері аймақтағы ахуал ушыққан.