Трамп Ирандағы соғыс аяқталуға жақын екенін мәлімдеді

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы соғыс, оның пікірінше, аяқталуға жақын екенін айтты. Бұл туралы ол CBS News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Трамптың айтуынша, Иранның әскери әлеуеті едәуір әлсіреген.

– Менің ойымша, соғыс іс жүзінде аяқталды. Оларда флот жоқ, байланыс жоқ, авиация жоқ. Зымырандарының саны да аз ғана мөлшерде қалды, – деді Трамп.

Ол сондай-ақ Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары мен оларды өндіретін нысандарды жою жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

КОНТЕКСТ

Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі 28 ақпанда басталды. Сол күні АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуе соққыларын жасай бастады. Бұл шабуылдар барысында елдің жоғарғы рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи, сондай-ақ Иран басшылығының бірнеше өкілі қаза тапты. Бұған жауап ретінде Иран Израильге, АҚШ-тың әскери нысандарына және Парсы шығанағындағы бірқатар елге зымырандар мен дрондар арқылы соққы жасай бастады.