НАТО Түркия әуе кеңістігіне кірген баллистикалық зымыранды атып түсіргенін мәлімдеді. Бұл – АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл бастағалы Түркияға бағыттталған екінші ракета, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
9 наурызда әскери альянс Түркияға қарата бағытталған тағы бір зымыранды атып түсіргенін мәлімдеді.
«НАТО өзінің мүшелерін кез келген қауіптен қорғауға дайын», – деп мәлімдеді НАТО.
Түркия қорғаныс министрлігі жағдайды растап, зымыран сынықтары Сириямен шекараға жақын Газиантеп қаласындағы бос далаға құлады деп хабарлады. Түркия тарабы қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ дейді.
Контекст
Бес күн бұрын НАТО Ираннан Түркияға ұшқан ракетаны қағып түсірген болатын. Тегеран 9 наурыздағы жағдайға қатысты әзірге мәлімдеме жасамады. Ал бұған дейін Иран «Түркияны әдейілеп атпағанын» айтқан.