Таяу Шығыс елдерінен 8,5 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды

Ulysmedia
Фото: СІМ

Таяу Шығыс елдерінен 8,5 мыңнан астам қазақстандық елге оралды. Азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 8585 адам қайтарылған.

«Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастыруда. Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Контекст

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Әуе шабуылы кезінде Иранның рухани көсемі, аятола Әли Хаменеи қаза тапқан. Ресми Тегеран қарымта жауап ретінде Таяу Шығыста орналасқан АҚШ-тың әскери базалары мен Израильді зымыранмен атқылап, дрондармен шабуылдаған. Сол уақыттан бері аймақтағы ахуал ушыққан.