АҚШ-та Иранның мұнай экспортының негізі саналатын аралды басып алу мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Axios басылымының жазуынша, мәселе Иранның мұнай экспорты хабтарының бірі Харк аралы жөнінде болып отыр. Вашингтон дәл осы аралды нысанаға алуы мүмкін. Бұл онсызда санкция құрсауында отырған Иран экономикасына ауыр соққы болып тиюі мүмкін.
Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз етіп отырған аралды басып алған жағдайды ол АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын одан сайын ушықтыруы мүмкін. Ол Иран экономикасын толықтай құрдымға жібермеуі де ықтимал. Алайда, егер АҚШ аралды басып алатын болса, Иран аралдағы инфрақұрылымды әуеден талқандауы мүмкін және бұл әлемдегі мұнай нарығына әсер етеді.
Трамп әкімшілігіне жақын дереккөз The New York Post басылымына «соғыстың нәтижесіне әсері зор екенін ескерсек», аралды басып алу керек пе дегеннен гөрі «қашан басып аламыз?» деген сұрақ күн тәртібінде тұрғанын айтқан.
Бірақ әзірге Дональд Трамптың өзі де, әкімшілігі де бұл туралы жария пікір білдірген жоқ.
Контекст
Иран Парсы шығанағындағы Харк аралындағы нысандарды 1960 жылы арнайы тұрғызған. Сол уақыттан бері осы аралға тәуелді болып қалған.
Бірақ Харк аралындағы мұнай терминалы жалғыз емес. Елде бұдан өзге бес терминал бар. Оның ішінде Иранға мұнайын Ормуз бұғазына тәуелді болмай ақ тасымалдай беруге мүмкіндік беретін Жаск мұнай терминалы бар.