Алматыда әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, 21 наурыз түнде Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Mercedes көлігімен соқтығысқан.
– Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойынша батыс бағытта келе жатып, Меңдіқұлов көшесімен қиылысқан жерінде қарсы жолаққа шығып, шығыс бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысты, – делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы сол жерде қаза тапты. Zeekr жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.