Каспий жағасынан тағы да аққулардың өлексесі табылды

Ulysmedia
Скриншот

Ақтау қаласы маңында, Каспий теңізі жағасында аққулардың өлексесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Lada.kz сайтының жазуынша, аққулардың өлексесі жайлы ақпаратты режиссер Қанат Майлыбаев айтқан.

«Мені мынандай бассыздықты көрсін деп құдайдың өзі жіберген болар. Мен есеңіреп қалдым. Бұрын соңды осыншалықты өлексені көрген емеспін», – дейді режиссер.

Оның сөзінше, бұл маңға ұзақ уақыттан бері адамдар келмеген. Біріншіден, су тартылып кеткен, екіншіден, маңайда ешқандай үй жоқ.

«Біз жыл сайын итбалықтардың, аққулар мен өзге де құстардың азайып бара жатқанын бақылау отырмыз», - дейді ол.

Қанат Майлыбаев Каспий теңізі маңында жануарлардың өлуіне қоғам назарын аударту үшін деректі фильм түсірмек.