Шавкат Рахмонов әйелі Гүлайым Рахмоновамен ажырасып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Гүлайым Рахмонованың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.
- Ажырасқаннан кейін бала тек анасына қажет екен. Бүгін ол балалар бәрібір анасына тартып кетеді деп олардан бас тартты… Қамқор әке күндердің бір күнінде “енді балаларды әкелме” деп айтады деп ойламаппын. Иә, мен төрт баланы өмірге әкелдім. Не дейміз… Балалар әкесіне керек болмасы, әкесі де балаларына керек емес! Аяғымнан нық тұрып, балаларымды асырауға күш-қуат берсін, – дейді Гүлайым.
СОТ
Айта кетейік, бүгін Гүлайым Рахмоноваға қатысты сот үкімі шыққан болатын. Үкім 2025 жылдың жазында Жамбыл облысындағы Алматы – Екатеринбург тасжолында болған жол апатына қатысты шықты. Тергеу деректеріне сәйкес, Гүлайым Рахмонова Қарағандыдан Алматыға қарай әпкесі, ұлы және құрбысымен бірге жолға шыққан. Прокуратураның мәліметінше, ол көлікті түні бойы өзі жүргізіп, қатты шаршағанына қарамастан, рөлді басқа жүргізушіге бермеген.
Салдарынан бір әйел оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ауруханаға жеткізу жолында көз жұмды. Рахмонова мен оның ұлы ауруханаға жатқызылған.