Танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі Гүлайым Рахмонова күйеуімен ажырасып кеткеніне енесін айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Оның айтуынша, отбасындағы келіспеушіліктерге күйеуінің анасы әсер еткен. Гүлайым Рахмонова енесі бірнеше жыл бойы өзі туралы түрлі өсек таратқанын, ал өмірінде қиын кезең туған сәтте бұл жағдай ажырасуға алып келгенін жеткізді.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Жалпы өмір деген қандай, иә?! Жау алыстан келмейді деп бекер айтылмаған. 10 жыл өмірімнің 6 жылын мені күндеумен, мені өсектеумен күйдірген Шавкаттың шешесіне таңым бар. Қазақ болғаным үшін қалай баласы ЮФС-ден табыс әкеле бастады, мені қазақ деп күндеп, өсектеп, жамандап, "қазақтар м**" деп 2023 жылы аузына келгенін айтып ұялмай, қалай қазақтың жерін басып жүр екен?! Ақыры ажырастырды, басыма түскен қиындыққа күліп, ажыратып тынды. Жегендері – Шавкаттың табысы, таласқандары – менің балаларымның несібесі. Мейлі, қазақ екеніме мың шүкір! Аз уақытта көп нәрселер айтылады", – деп жазды ол.
СОТ
Айта кетейік, бүгін Гүлайым Рахмоноваға қатысты сот үкімі шыққан болатын. Үкім 2025 жылдың жазында Жамбыл облысындағы Алматы – Екатеринбург тасжолында болған жол апатына қатысты шықты. Тергеу деректеріне сәйкес, Гүлайым Рахмонова Қарағандыдан Алматыға қарай әпкесі, ұлы және құрбысымен бірге жолға шыққан. Прокуратураның мәліметінше, ол көлікті түні бойы өзі жүргізіп, қатты шаршағанына қарамастан, рөлді басқа жүргізушіге бермеген.
Салдарынан бір әйел оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ауруханаға жеткізу жолында көз жұмды. Рахмонова мен оның ұлы ауруханаға жатқызылған.
Еске салайық, сондай-ақ бұған дейін Шавкат Рахмонов әйелімен ажырасып кеткенін жазғанбыз.