Алматыдағы барахолка аумағында тағы да өрт шықты

Сырым Қаржас
Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматының Алатау ауданындағы Солтүстік айналма жол бойында салынып жатқан үш қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

ТЖМ мәліметінше, өрт ғимараттың шатырынан шыққан. Бірнеше минут ішінде өрт сөндіруші-құтқарушылар шатырға көтеріліп, су оқпандары берілді.

Өрт ошақтарын анықтау үшін бензокескіштер қолданылып, өрт сөндіру автосатылары орналастырылып, сол арқылы да су беріліп жатыр.

Оқиға орнында ТЖД Құтқару қызметінің эвакуаторлары жұмыс істеп, олар тұрақта тұрған автокөліктерді қауіпсіз жерге жылжытып жатыр.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт оқшауланды. ТЖМ қызметкерлерінің жедел іс қимылдарының арқасында оттың таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.

КОНТЕКСТ

Алматыдағы барахолка аумағында мұндай өрттер бұрын да бірнеше рет болған. Әр жылдары мұнда қоймалар мен сауда қатарлары өртеніп, кәсіпкерлерге айтарлықтай шығын келген. Кейінгі өрт 12 наурызда тіркелген. Сол кезде базар аумағындағы қоймалардың бірі жанған еді.