Желіде Шымкенттегі LED-экрандарда Наурыз туралы бір видеоны көрсетуге 7 млн теңгеден астам қаражат жұмсалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қала әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Олардың айтуынша, әңгіме бір ғана ролик туралы емес, көп мәрте көрсетілетін ауқымды жарнамалық науқан жайында болып отыр.
Қала билігінің мәліметінше, сатып алу мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жүргізілген. Тендерде ең төмен баға ұсынған "Эльдорадо" жарнама агенттігі" ЖШС жеңімпаз атанған. Келісімшарттың жалпы құны – 5 431 034 теңге.
Әкімдік дерегіне сәйкес, жоба аясында мерекелік видеороликтер қала экрандарында кемінде 36 мың рет көрсетілуге тиіс. Ал бір көрсетілімнің орташа құны шамамен 151 теңге болған.