Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 19 наурыздан бері алғаш рет барреліне 115 доллардан асты. Бұл биржаның ресми сайтында жарияланған деректерден белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Нақтырақ айтқанда, баға 2,74%-ға өсіп, барреліне 115,65 долларға жеткен. Кейін өсім қарқыны сәл баяулап, баға 115,40 доллар болып, алдыңғы деңгейден 2,51%-ға жоғарылады. Артынша мұнай бағасы 116 долларға дейін көтерілді.
Осылайша, құбылмалы жағдайға қарамастан, мұнай бағасы барреліне 115 доллардан жоғары деңгейде сақталды.
АҚШ НЕ ДЕЙДІ
«Альфа-Форекс» компаниясының инвестициялық стратегияларды зерттеу бөлімінің басшысы Спартак Соболев 27 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққыларды тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін әлемдік мұнай нарығындағы баға өсімі баяулағанын айтты. Оның сөзінше, АҚШ-тың ықтимал құрлықтағы операциясы туралы ақпараттық мәліметтер Brent бағасын барреліне 100 доллардан жоғары деңгейде ұстап тұр. Ал қақтығыс әрі қарай ушыға түссе, баға 115–120 доллар аралығына дейін көтерілуі мүмкін.