Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев із-түзсіз кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Желідегі ақпарат бойынша, бір аптадан бері Баир Сиқымбаев ешқандай хабар жоқ.
Жақындарының айтуынша, ол ерекше дауысы бар, көрікті әрі талантты азамат.
- Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрапты. Менің қырағы оқырмандарым, әншінің жалғыз ұлын бірге іздейік. Мына ақпаратты бөлісіңіздер, көпшілікке таратып, суреттегі азаматты көрсеңіздер хабарласыңыздар деп жұдырықтай жұмылып іздейікші, – деп жазды журналист Жазира Бегалы.
Ашық дереккөздегі ақпарат бойынша, Баир 24 наурызда Алматыдағы Коперник көшесіндегі үйінен шығып, оралмаған. Үстінде қара спорттық киім болған.