Песковтың әйелі 2025 жылы қыруар табыс тапқан

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың жұбайы Татьяна Навкаға тиесілі «Навка шоу» компаниясы 2025 жылы рекордтық табысқа қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫРУАР ТАБЫС

Мұздағы шоулар ұйымдастырумен айналысатын компанияның жылдық кірісі 1 млрд 844 млн рубль болған. Бұл туралы Мемлекеттік бухгалтерлік есеп деректеріне сүйеніп «Вёрстка» хабарлады.

Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 23 пайызға көп. Ал Украинадағы соғыс басталғалы бері компания табысын 7 еседен астам арттырған. Мәселен, 2021 жылы «Навка шоуның» кірісі небәрі 260 млн рубль болған.

ТАЗА ПАЙДА

Компанияның таза пайдасы да айтарлықтай өскен. 2025 жылы ол 248 млн рубльге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 2,3 есе артқан.

Сонымен қатар, өткен жылы компания мемлекеттен 60,2 млн рубльден астам грант алған.