Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыда заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ ТҮСІНДІРМЕСІ

Алматы қаласы Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргзіп жатыр.

- Соттың қаулысымен бұрын тонау қылмысын жасаған күдіктіге қатысты 10 тәулік мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді, – дейді полицияның баспасөз қызметі. 

ҚАМАУ

Еске салайық, бұған дейін заңгердің қамауға алынғаны хабарланған болатын. 

ЖОЛ АПАТЫ ТУРАЛЫ НЕ ДЕП ЕДІ? 

21 наурызда түнде Алматыда Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Mercedes көлігіндегі үш адам қаза тапқан. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып, желі қолданушылары кінәлілерді жазалауды талап еткен.

Заңгер Молдахан Әділетхан әл-Фараби даңғылындағы жол апаты мен құқық қорғау органдарының әрекетіне байланысты пікір білдірген болатын