Қайрат Нұртас шенеунік болса, отбасын асырай алмай қалады - әншінің әкесі

Қалижан Бектемір
видеодан скриншот

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында ұлының мемлекеттік қызметке баруы екіталай екенін ашық айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҚАЙРАТ НҰРТАС ШЕНЕУНІК БОЛА МА?»

Журналист сұхбат барысында Нұртас Айдарбековтен: «Қайратты болашақта шенеунік ретінде елестетуге бола ма?» - деп сұрайды. Ол ұлының болмысына ондай қызмет мүлде сәйкес келмейтінін жеткізген.

Жоқ, ондай нәрсе болмайды. Қайрат бір кабинетте отырып жұмыс істейтін адам емес. Оның табиғаты да, өмір сүру дағдысы да басқа.

Оның үстіне, мемлекеттік қызметтің жалақысымен оның отбасының қазіргі деңгейін ұстап тұру мүмкін емес. Балалары да кең өмірге үйренген, сұраныстары жоғары. Олар әкесінің қарапайым айлығына қарап отырмайды, - дейді Қайрат Нұртастың әкесі.

«КАБИНЕТТЕ ОТЫРҒАНЫН ҚАЛАМАЙМЫН!»

Нұртас Айдарбековтің айтуынша, балалары 120 мың теңге жалақы алатын жұмыс істемейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: "Ата заңнан хабары бар ма екен осы әншілердің?": Бір топ әнші "Жаңа Конституция" туралы ән шырқады

«Кейде өз-өзіме қарап...»: Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын жайып салды

Өзім де Қайраттың кабинетте отырғанын қаламаймын. Кейде ол бауырларын жұмысқа орналастырып берейін бе деп айтып қалады. Бірақ мен оған да қарсымын.

Менің балаларым 120 мың теңге жалақы алатын жұмысқа бармайды. Себебі ондай еңбекақыға жұмыс істейтін адамдардың өмірге деген көзқарасы да бөлек болады, – деді ол.