Ерлі-зайыптылар Тұрсын мен Баян Алагөзовтар Алматы маңындағы зәулім үйлерін көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ВИЛЛАНЫҢ АУМАҒЫ 4 ГЕКТАР
Алматы іргесіндегі таулы аймақта орналасқан вилланың аумағы 4 гектарды құрайды, ал үйдің жалпы көлемі 2 мың шаршы метрден асады.
Сән-салтанатқа толы үйдің ішкі әрлеуінде жылтыр мәрмәр, қымбат дизайнерлік жиһаздар және кең киім бөлмелері көзге түседі. Үлкен шкафтарда әлемдік брендтердің — Louis Vuitton, Swarovski, Hermès (Birkin, Kelly және сирек кездесетін лимитті үлгілер) өнімдері сақталған.
Баян Алагөзова алғашқы кездесулерінің бірін еске алып, болашақ жарының гүл емес, қолтырауын терісінен жасалған Hermès сөмкесін сыйлағанын әзілмен жеткізді.
АЛАГӨЗОВТЕР ЖАТЫН БӨЛМЕСІН ДЕ КӨРСЕТТІ
Бейнеролик түсірілім барысында жұп жатын бөлмені де көрсетті. Сол сәтте Тұрсын Алагөзов отбасы өміріне қатысты ойын айтып өтті.
Ерекше дизайндағы үйді видеоға түсіру кезінде ерлі-зайыптылар жатын бөлмесіне кіргенде, Тұрсын Алагөзов:
Бұл жерде біздің отбасымыздың жыныстық импульсі ұрып тұр, - деп салды.
Бейбіт Әлібеков бөлменің ауқымы мен сәнін көріп, таңданысын жасыра алмады.