«Қабатов, қайдасың?!»: Уәлибек Әбдірайымов әзілкешті таппай жүргенін айтты

Қалижан Бектемір
ашық дереккөз

Танымал әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов концерт барысында әріптесі Тұрсынбек Қабатовқа қатысты тосын мәлімдеме жасап, оның екі күннен бері байланысқа шықпай жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТҰРСЫНБЕКТІ ТАБА АЛМАЙ ҚАЛҒАН

Сахнада сөйлеген сөзінде ол жағдайдың күрделі екенін жасырмады. Көрермендерге қарата айтқан сөзінде Тұрсынбекті таба алмай жүргендерін жеткізіп, мұның әзілге жатпайтынын атап өтті. Сонымен қатар оны іздеу әрекеттері әзірге нәтиже бермей отырғанын да айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқан ажырасу туралы алғаш рет ашық пікір білдірген болатын. Ол бұл шешімнің оңай қабылданбағанын жеткізген еді.

МӨЛДІР МҰҚАН НЕ ДЕЙДІ?

Продюсердің айтуынша, отбасын сақтап қалу үшін ұзақ уақыт бойы тырысқан. Алайда арадағы түсініспеушіліктер күшейіп, қарым-қатынас суи бастаған. Бір сәтте Тұрсынбектен «ажырасамыз ба?» деген ұсыныс түскенін айтып, алғашқы қадамды өзі жасағанын жеткізді.

Мөлдір Мұқан некенің үзілуі өзіне ауыр тигенін, алайда жағдайдың өзгермегенін де жасырмады. Соған қарамастан, ол Тұрсынбек Қабатовты жақсы әке ретінде бағалайтынын атап өтті.

Осылайша, ұзақ жылдық отбасылық өмір түрлі себептерге байланысты аяқталған.