Қазақстандықтар 500 мың теңге үшін Алагөзовтердің үйін жарыса мақтап жатыр

Анар Лепесова
фото: әлеуметтік желіден

Бейбіт Әлібековтің «По домам» YouTube-жобасының кезекті шығарылымы қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен оның жары, продюсер Баян Мақсатқызының зәулім үйіне арналды. Жарасымды жұп осы шығарылым туралы әдемі пікір иесіне 500 мың теңге немесе продюсердің бренд сөмкесін сыйға тартпақ, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

АУМАҒЫ 4 ГЕКТАРДАН АСАТЫН ЗӘУЛІМ ВИЛЛА

Сәні мен салтанаты жарасқан вилла Алматы іргесіндегі таулы аймақта орналасқан. Аумағы 4 гектарды құрайды, ал үйдің жалпы көлемі 2 мың шаршы метрден асады. Әр бөлмесі талғампаздықпен жабдықталған шаңырақтың ішкі әрлеуінде жылтыр мәрмәр, қымбат дизайнерлік жиһаздар және кең киім бөлмелері көзге түседі. Үлкен шкафтарда әлемдік брендтердің — Louis Vuitton, Swarovski, Hermès (Birkin, Kelly және сирек кездесетін лимитті үлгілер) өнімдері сақталған.

«БӘРІ ӘЙЕЛІМ ҮШІН»

Үйдің ішінде жеке хауыз, жаттығу залы, тіпті үй жануарларына арналған арнайы бөлме де бар. Зәулім үйдің ауласындағы ең басты ерекшеліктердің бірі – заманауи үлгідегі сәнді киіз үй. Сегіз қанатты киіз үйдің іші ұлттық нақышта безендіріліп, қонақ күтуге барлық жағдай жасалған киіз үй. Отбасының дәстүрге деген құрметін көрсететін символикалық кеңістік Баян Мақсатқызының өтінішімен бір ай ішінде дайындалыпты.

«Мұның бәрін әйелім үшін істедім», – деді Тұрсын Алагөзов.

ЖЕКЕ ФИТНЕС ОРТАЛЫҒЫ МЕН БАССЕЙН

Алагөзвтер отбасы салауатты өмір салтын ұстанады. Үй ішінде кәсіби деңгейдегі тренажер залы мен фитнес орталығы орналасқан. Мұнда спортзалға бармай-ақ, кез келген уақытта жаттығу жасауға барлық жағдай жасалған. Ал жаттығудан кейін сергу үшін үйде кең бассейн де қарастырылған.

ҮЗДІК ПІКІРГЕ – 500 МЫҢ ТЕҢГЕ

Шығарылым соңында Бейбіт Әлібек үй иелерінен ең үздік пікір үшін қандай сый ұсынатындарын сұраған. Кәсіпкер жеңімпазға 500 мың теңге беруге дайын екенін айтты. Ал әйел адам ұтқан жағдайда Баян Мақсатқызы өзінің брнед сөмкелерінің бірін сыйға бермек.

1 тәулік ішінде видео 550 мыңға жуық көрілім жинап, 13 мыңнан астам пікір жазылған.  Желі қолданушылары бұл жұптың қарым-қатынасына, бір-біріне деген сыйластығына таңданыстарын жасырмай жатыр. Пікір жазғандардың көбі бұл шығарылымнан кейін өздерінің тұрып жатқан үйлері лашық тәрізді болып көрінетінін айтқан. 

«Ер жігіттің белгісі – түзде мырза, үйде құл. Қандай мықты азамат, жұмысында да, үйде де», «Шынымды айтсам, видеоға үйді көрем деп кіріп, адамдарды көру үшін қалдым. Қызғаныш емес, өзгелердің бақыты үшін шын қуанатын сирек жағдай», «Осы шығарылымнан кейін түсінгенім: нағыз үй – шаршы метрлер емес, ішіндегі адамдардың энергиясы. Баянда – стиль мен күш, ал Тұрсында –  тереңдік пен жүрек бар» делінген видео астындағы пікірлерде