Жартылай жалаңаш күйде туған күнін тойлаған блогер елдің талқысына қалды

Ulysmedia
фото: ашық дереккөзден

Танымал блогер Керім Найманбаева туған күнін хайпқа толы кешке айналдырды. Сахнаға жартылай жалаңаш шығып, би билеген бизнес леди халықтың талқысына қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Найманбаева бұл кешті алдын-ала жоспарлап, ұзақ дайындалған. Тіпті желі қолданушыларына биге барып жүргенін айтқан. Туған күн кешіне танымал блогерлердің біразын шақырыпты.

Дегенмен кеш күтпеген тосын сыйларға толы болды. Арнайы құрылған сахнаға шығып, жартылай жалаңаш киіммен "өнер көрсеткен" Найманбаеваның қылығы көпке жақпады. Кештің барлық сәті әлеуметтік желіге бейнежазба түрінде тарап кетті. Тіпті кейбірінде Найманбаеваның көкірегінің толық ашылып жүргенін байқауға болады.

Ал әлеуметтік желіге жүктеген видеолар бірден миллион қаралым жинаған.

Өзі бұл туралы қысқа ғана «Ұмытылмас түн!» деп жазды. Бірақ дәл сол «түн» желіде үлкен дау туғызды. Бірі мұны батылдық пен заманауи тренд десе, енді бірі ашық сынға алды. «Ақырзаман белгісі», «Бізден ұялмасаң да, қызыңнан ұялсаңшы» деген пікірлермен қатар, «контентті дұрыс жасап отыр», «батылдық» деген қолдау да қатар жүрді.

Блогердің күйеуі әлгіндей образдағы әйелін құшақтап, сүйіп, кеш бойы қолдаумен болды.