Алагөзовтердің алып сарайы қайда орналасқан?

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде продюссер Баян Алагөзова мен кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің зәулім сарайын талқылап жатыр. Threads қолданушылары тау бөктерінде салынған үйдің қай жерде орналасқанын және қаншалықты заңды салынғанын сөз етуде, деп хабарлайды Ulysmedia.

ЗӘУЛІМ САРАЙ ҚАЙДА ОРНАЛАСҚАН?

Нұрлан Смағұлов есімді Threads қолданушысы блогер Әлибековтың Баян мен Тұрсын Алагөзовтердің үйі туралы шығарған «По домам» бағдарламасын көргенін жазды. Оны үйдің өзі ғана емес, оның қай жерде орналасқаны қызықтырған.

«Алматылық ретінде мені ең қатты қызықтырғаны — үйдің орналасқан жері мен айналасындағы көрініс болды. Бірден бұл қай жерде екені туралы ойлай бастадым. Алғашында Достық даңғылының жоғарғы жағы шығар деп ойладым. Кейін Ой қарағай маңында ма деп топшыладым. Ал шығарылымның соңына қарай тіпті Жандосов көшесі бойының жоғары жағы болуы мүмкін деген ой келді. Нақты мекенжай керек емес, жай ғана қызығушылық. Әсіресе таулар мен көрініс қатты әсер етті. Осы үй шамамен қай ауданға тиесілі екенін білетіндер бар ма?», – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының зәулім сарайға қатысты ойы екіге жарылды. Бірі үй қаншалықты заңды салынған десе, енді бірі ұлттық парк аумағында үй салып, тұру қалыпты жағдай деген пікірде.

«Бір қызығы, мұндай жер телімінің қалайша бос қалғаны түсініксіз екен. Маған Алматыдағы ең құнды, шұрайлы жерлердің бәрі әлдеқашан ықпалды топтардың иелігінде сияқты көрінетін. Дегенмен, ақшаның мүмкіндігі шексіз ғой — ол талай нәрсені өзгерте алады», – деп жазды Рашид Габдусалимов есімді қолданушы.

«Ұлттық парктер құрылғанға дейін-ақ бұл аумақтарда адамдар өмір сүрген. Қазіргі уақытта да олардың көпшілігі сол жерде тұрып жатыр, мұнда ешқандай заңсыздық жоқ. Мысалы, Швейцария халқының басым бөлігі таулы немесе тау бөктеріндегі аймақтарда өмір сүреді», – дейді Yura Non есімді желі қолданушысы.

КОНТЕКСТ

4 сәуірде блогер Бейбіт Әлибеков продюссер Баян Алагөзова мен кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың зәулім сарайын көрсетіп, үйге room tour жасаған. Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланған.