Трамп Иранға қатысты қатаң ескерту жасады

Қалижан Бектемір
AP Photo / Mark Schiefelbein

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздердің нәтижесі жақын арада белгілі болатынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, алдағы 24 сағат ішінде келісім тағдыры анықталмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТРАМП НЕ АЙТТЫ?

The New York Post басылымына берген сұхбатында Трамп:

«Біз шамамен 24 сағат ішінде білеміз. Жақында бәрі айқын болады», – деді.

Ақ үй басшысы келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда, АҚШ әскери әрекеттерге қайта оралуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Оның сөзінше, қарулы күштер кез келген сценарийге дайын.

ЕҢ ОЗЫҚ ҚАРУ ҚОЛДАНАМЫЗ

«Біз кемелерді ең озық қарумен қамтамасыз етіп жатырмыз. Егер келісім болмаса, оны өте тиімді қолданамыз», – деді Дональд Трамп.

Сонымен қатар ол АҚШ әскери-теңіз күштері күшейтілген режимде дайындық жүргізіп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Иран АҚШ-тың қатаң талабына қарсы мәлімдеме жасаған болатын.