Журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желідегі парақшасында кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Мақсатқызына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖУРНАЛИСТІҢ ЖАЗБАСЫ
Оның айтуынша, бүгінгі нарықта кейбір кәсіпкерлер өздері тұтынбайтын өнімдер арқылы да қомақты табыс тауып отыр. Журналист мұндай үрдіс қоғамда жиі кездесетінін айтып, оған сын көзбен қарады.
Адам өзі қолданбайтын өнімдерден миллион табады. Тіпті сусындарын да ішпеуі мүмкін, бірақ сол арқылы миллиардтар табады, – деп жазды ол.
Сонымен қатар Әбенова “Цесна” өнімдеріне қатысты ойын білдіріп, қаптамада көрсетілген салмақ пен нақты өнім мөлшері арасында айырмашылық бар екенін айтты. Оның пікірінше, мұндай жағдай тұтынушылар сеніміне кері әсер етуі мүмкін.
«ПИАР ҮШІН ПӘТЕР ТАРАТЫП ЖАТЫР»
Біз етке арналған қамырды көптен бері “Цеснадан” алып жүрміз. Бұрын да жазғанмын: қаптамада көрсетілгеннен салмағы аз болып шығады. Бұл – адал іс емес, – деді ол.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Жыныстық импульсі ұрып тұр»: Алагөзовтер жатын бөлмесін көрсетті
Қазақстандықтар 500 мың теңге үшін Алагөзовтердің үйін жарыса мақтап жатыр
Журналист сондай-ақ кейбір компаниялардың жарнамалық тәсілдерін де сынға алды. Ол қымбат сыйлықтар мен пәтерлерді тарату арқылы жасалатын PR-дың қоғамда екіұшты қабылданатынын атап өтті.
Пиар үшін пәтер таратып жатыр. Бірақ әзірге ол үйлерге ешкім кірмеген — адамдар тек сертификатқа қуанып отыр. Неге соның орнына қызметкерлерге лайықты жалақы төлемеске? – деп жазды Әбенова.
АЛАГӨЗОВТІҢ ДӘУЛЕТІ
Forbes Kazakhstan-ның 2025 жылғы рейтингінде Алагөзов елдегі ең бай 75 кәсіпкердің ішінде 51-орынға жайғасқан. Оның дәулеті шамамен 130 миллион доллар деп бағаланады.
Ол – GALANZ bottlers компаниясының иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы. Бұл кәсіпорын Қазақстан мен Орталық Азияда алкогольсіз сусындар шығарады.
2024 жылы кәсіпкер Шымкент сыра зауытын сатып алса, 2025 жылдың басында ұн мен макарон өнімдерін өндіретін JFood Kazakhstan (бұрынғы «Цесна-Астық») компаниясын иеленді. Меншік иесі ауысқаннан кейін Шымкент сыра зауытының басшылығына кәсіпкердің 29 жастағы ұлы Арсен Алагөзов келді.
Айта кетейік, зәулім үйімен тамсандырған Алагөзов жақында президенттен орден алды. Сондай-ақ оның алып сарайы қайда орналасқаны белгілі болған еді.