«Самооценка мықты»: Мөлдір Әуелбекова жазбасымен мазаққа қалды

Қалижан Бектемір
ашық дереккөз

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде жазба жариялап, ел ішінде қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘНШІ НЕ ДЕДІ?

Өнер иесі Қазақстанды толық аралап, жеке концерт беретін қыз әншілердің саны көп емес екенін айтып, бірнеше есімді атаған.

«Гастрольдік сапарға бүкіл Қазақстанды аралап, жеке концерт қоятын қыз әншілер санаулы екенбіз. Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Роза Әлқожа, Наркенже және мен. Неге?» – деді әнші.

Бұл пікір желі қолданушылары арасында әртүрлі реакция тудырды. Бірі оның өзін халық әртістерімен қатар қойғанын сынға алса, енді бірі басқа да танымал әншілердің бар екенін алға тартты.

ЖЕЛІДЕГІЛЕРДІҢ ПІКІРІ

«Самооценка мықты, өзін легендалардың қасына қосып», «Маржан Арапбаева, Меруерт Түсіпбаева, Дильназ Ахмадиева… мұндай әншілер көп қой. Өзіңе тым жоғары баға беріп тұрған сияқтысың», – деді олар.

Сонымен қатар әншіні қолдағандар да табылды. «Әніңіз көп болғандықтан, хиттеріңіз бар болғандықтан сұраныс жоғары», – деді желі қолданушыларының бірі.

Осылайша, желіде тараған бұл жазба қысқа уақыт ішінде кең тарап, шоу-бизнес өкілдері мен тыңдармандар арасында қызу пікірталасқа ұласты.