Индонезияда некеге тұрмай жыныстық қатынасқа түскен жұптар жазаланды

Қалижан Бектемір
Фото: DailyMail

Индонезияда ер адам мен әйелді некеге тұрмай жыныстық қатынасқа түскені үшін көпшілік алдында қамшымен сабап тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Индонезияда ислам қылмыстық құқығы қолданылатын жалғыз аймақ – Ачех провинциясы екен. Онда шариғат заңы қолданылады. Жұп сол шариғат заңына қайшы жыныстық қатынас үшін жазаланды

 

ҚАНША АДАМ ЖАЗАЛАНДЫ?

Көпшілік алдында жазалау 7 сәуірде Ачех провинциясындағы қалалық саябақта өтті. Оларға ротанг таяқшасымен 100 рет дүре соғылды.

Сол күні барлығы алты адам жазаланды. Қалған қылмыскерлерге өзге жыныстағы өкілмен физикалық байланыс немесе алкогольді ішімдік ішу сияқты қылмыстар үшін 8-ден 29-ға дейін дүре соқты. 27 дүре соғылған әйелдердің бірі есінен танып, медициналық көмекке мұқтаж болды.