Жапонияда «соғысқа» қарсы ауқымды ереуіл өтті

Ulysmedia
Синьхуа агенттігі

Токио қаласында парламент ғимаратының алдында Жапонияның милитаризация саясатына қарсы ірі митинг өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, акцияға шамамен 36 мың адам қатысқан.

Ереуілшілер парламент маңындағы тротуарлар мен шағын саябақтарды толтырып, үкіметтің бағытына қарсылық білдірді. Митингте Жапонияның социалистік партиясы және Жапонияның коммунистік партиясы өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйым белсенділері сөз сөйледі.

Қатысушылар қолдарына «Соғысқа жол жоқ», «9-бапты бұзбаңдар» және «Такаити отставкаға кетсін» деген жазулары бар плакаттар ұстап, елдің пацифистік конституциясын қорғауға шақырды.

Наразылық білдірушілер елдің әскери қақтығыстарға тартылуына қарсы ұрандар айтып, қару-жарақ экспортынан бас тартуға шақырды. Сонымен қатар, олар АҚШ-қа бағдарланған сыртқы саясатқа қарсы шықты. Талаптардың қатарында адам құқықтарын қорғау және Жапонияның шетелдегі әскери әрекеттерге қатысуына жол бермеу мәселелері де болды.

Кейбір қатысушылар Иран және Палестина туларынымен келіп, Таяу Шығыс халықтарымен ынтымақтастығын білдірді. Олар өз сөздерінде Жапонияның ықтимал қақтығыстарға тартылғанын қаламайтынын атап өтті.

Сакурадамон метро станциясы маңында акцияға қарсы шыққан ультраоңшыл қозғалыс өкілдері де болды. Полиция қақтығыстардың алдын алу үшін оларды митинг қатысушыларынан оқшаулады. Іс-шараның соңына қарай олар автокөліктермен жүріп, дауысзорайтқыш арқылы ұрандарын таратып, наразылыққа кедергі келтіруге тырысқан.

Митинг барысында зардап шеккендер тіркелмеді.

Митинг неден шықты?

Санаэ Такаити басшылығымен Жапония үкіметі елге соғыс жүргізуге және толыққанды қарулы күштер ұстауға ресми түрде тыйым салатын Конституцияның 9-бабын қайта қарау жөніндегі жұмысты күшейтті.