Америка компаниялары Африкадан мұнай іздеп жатыр

Ulysmedia
Фото: ЖИ

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Ормуз бұғазы жабылуына байланысты мұнай компаниялары Африка мен Оңтүстік Америкадан жаңа мұнай кен орындарын іздей бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МҰНАЙДЫ ҚАЙ ЖАҚТАН ІЗДЕУДЕ?

ExxonMobil, Chevron және басқа да энергетикалық компаниялар Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан алыс жерлерде мұнай мен газ қорларын іздеуді жеделдеткен.

Қазір барлау жұмыстары Намибия мен Венесуэла аумағында жүріп жатыр. Сондай-ақ компаниялардың бірі Түркиямен геологиялық барлау туралы келісімге қол қойған.

Басылым мәліметінше, алдағы жылдары жаңа кен орындары ірі мұнай компанияларына шамамен 120 млрд доллар көлемінде пайда әкелуі мүмкін.

Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдайды ескерген компаниялар тек қазіргі энергия тапшылығын жабатын емес, болашақта да тұрақты табыс әкелетін жаңа кен орындарын іздеп жатыр.

КОНТЕКСТ

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ 13 сәуірде Ормуз бұғазын Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздердің сәтсіз аяқталуына байланысты бұғаттаған болатын. Бұл шектеу Иран порттарына кіріп-шығатын барлық елдердің кемелеріне қатысты қабылданды. Соның ішінде Араб теңізі мен Оман шығанағы жағалауындағы барлық ирандық порттар да бар.

Бұған дейін Иран Қарулы күштері АҚШ енгізген блокадаға жауап ретінде Ормуз бұғазы үстінен әскери бақылау режимін қайта енгізгенін мәлімдеді. Кейін Иран 18 сәуір кешінен бастап теңіз блокадасы толық алынғанға дейін Ормуз бұғазын жауып тастады.

Бұған дейін Трамп Тегеранды келіссөз үстеліне қайтарудың жалғыз жолын атаған болатын.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Трамптың сесі, Тегеранның жауабы: АҚШ пен Иран келісімге келе ме?