Астанада жылыту маусымы аяқталды

Ulysmedia
Фото: ЖИ

Елордада сыртқы ауа температурасының тұрақты түрде жоғарылауына байланысты 2026 жылғы 22 сәуірден бастап жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Астана-Теплотранзит” АҚ мәліметінше, қаладағы денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет нысандары, сондай-ақ тұрғын үйлер кезең-кезеңімен жылу жүйесінен ажыратылады.

Коммуналдық қызмет өкілдері өткен жылыту маусымы штаттық режимде өткенін атап өтті. Яғни, жылу беру барысында ірі апаттар тіркелмеген, жүйе қалыпты жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта қалада жылу беру тоқтатылып, инженерлік желілерді жазғы кезеңге дайындау жұмыстары басталады.